
Аға ұрпақтың дәстүрін қолдау, жастарды тәрбиелеу мақсатында Ақтоғай аудандық орталық кітапханасында «Тағылымы мол кітап тұсаукесері»
атты Кеңес Одағының Батыры М. Қайырбаевтың ұлы Мұрат Қайырбаевтың «Дороги отцов-пути сыновей» атты кітап тұсаукесері өтті.
Іс-шара барысында М. Қайырбаев туралы өмірдеректер айтылып, 1957 жылы М. Қайырбайұлы сол кездегі Куйбышев атанған Ақтоғай ауданына партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып, осы лауазымда 10 жылдан астам уақыт жемісті еңбек етті.
Махмет Қайырбаевтың ұлы Мұрат Қайырбаевтың кезекті кітабы «Павлодар: ЭКО» баспасынан 2020 жылы шыққан «Дороги отцов-пути сыновей...» - атты шығармасы Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың өмір жолына арналған.
Махмет Қайырбаев-халқымыздың құрметіне бөленген азамат болып, соғыстан кейін еліміздің экономикасын одан әрі дамыту жолында өз үлесін қосты.
Өз отанын, ошағын, отын қорғар, Көбейсін Махметтей батыл мінез батыр жандар,
Жырлаудан шаршамасын адам біткен, Оқудан жалықпасын оқырмандар.
Кітапты алып, оқуға шақырамыз, құрметті оқырман қауым!