КГУ



    Оқырман балаларға туған өлке тарихын дәріптеу, мәдениетін танып білу мақсатында «Ата-бабалар жолымен» жобасы аясында «Тарихи мұралар» атты тақырыбымен Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтоғай ауданында орналасқан «Батырлар аллеясына» саяхат жасалды. Бұл өлке тарихын білудегі басты қадам болып табылады. Аллеяда Кеңес Одағының батырлары Серікбай Мүткенов пен Махмет Қайырбаевқа, Социалистік Еңбек Ерлері Мұқан Шажанханов, Антон Иосифович Энгель, Лөкет Сағындықов, Бөкен Қызғарин, Қали Қаленов пен Әнес Ахмединовке және ҚР Еңбек Ері Мұрат Қайыргелдинге 9 естелік тақталар орнатылды. Тақтада орналасқан әрбір батырлардың қысқаша өмірбаяны беріліп, өқырмандар қызықты мағлұмат алды деуге болады. Туған өлке тарихындағы маңызды тарихи-мәдени мұраларымызды өскелең ұрпаққа таныту мақсатындағы осындай тарихи-танымдық саяхаттар жалғасын таба бермек.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған