Жалаулы ауылдық кітапханасында Н. Алшынов атындағы Жалаулы ОМ-нің "Балауса" жазғы-сауықтыру лагері оқушыларының қатысуымен экология күніне арналған "Табиғатты қорғау - біздің міндетіміз" викторина іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның мақсаты балаларды табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандардың назарына кітап көрмесі ұсынылды. Қызықты викториналық ойындар ойнатылды. Балалар түтікшемен әріптерден сөздерді құрастыру, сурет қиындыларынан сурет құрастыру, сиқырлы сандықтан сұрақтар алып, оған дұрыс жауап айту сияқты қызықты тапсырмалар орындап, ойындарға белсене қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DKgjPF6tMD0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=bWVjeGVjcjVmeWY3