https://www.instagram.com/reel/C4M47G2IoVX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасында "Кешкі кітапхана" жобасы аясында және 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Сыйынар ем Ана деген тәңірге" мерекелік тақырыптық кеш болып өтті. Шараның мақсаты осынау мереке күні әйел қауымына тамаша көңіл-күй сыйлап, құрмет көрсету. Шараға ауылымыздың жас аналары қатысты. Шара барысында қызықты ойындар ойнатылып, викторина жүргізілді. "Мақалды жалғастыр" байқауында жас аналар қазақтың қыз-келіншектерге байланысты мақал-мәтелдерін жақсы білетіндерін көрсетті. Оқырмандардың назарына кітап көрмесі ұсынылды. Шара өте қызықты, әрі мазмұнды өтті.