
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігі арасында «Парасат жолы» орталығының бірлескен жұмысы туралы Меморандумға қол қойылды.
Осыған орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында Ақтоғай аудандық және ауылдық кітапханаларында «Парасат жолы» атты орталық, бұрыштар ашылды.
Іс-шараның кітапхана қабырғасынан ашылуы себебі: мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу.
Адамды адам еткен — кітап» екені рас. Сол себепті «Парасат жолы» жобасы осы кітапханада басталып жатыр. Бұл орталықтар зиялы қауым, шығармашылық интеллигенция, мемлекеттік және қоғамдық, дін ұйымдар өкілдерінің кездесулер диалог алаңына айналмақ. Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, құқықтық мағлұмат беру мақсатында ақпанның 26 күні Ақтоғай орталық кітапханасында “Сыбайлас жемқорлық-қазіргі заман дерті” атты ЗУМ платформасы негізінде Ақтоғай ОКЖ қызметкерлері, аудан мекемелерінің басшыларымен қатар Павлодар облысының аудандық кітапхана директорлары қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде конференция спикері аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Бейсембекұлы Шайкенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат берді.
Іс-шара бейнепрезентация көрсетілімі мен өз жалғасын тапты.