КГУ

 

    Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар екені анық. Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға  бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осы қағиданы ескере отыра, Ақтоғай орталық кітапханасында «Ұстаз- мәңгі нұрдың қызметшісі» атты Қайырбаев ом. 10 сынып оқушыларының қатысуымен әңгіме сағаты өтті. Іс-шараның құрметті қонағы болған ұлағатты ұстаз, Қайырбаев ом тарих пәнінің мұғалімі Надежда Андреевна Гергерт өзінің қиын да беделді ұстаздық жолы жайында әңгімелеп берді. Ұстаз - тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын деген ізгі тілекпен шара өз мәресіне жетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған