Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай " Әскери жолмен. Жігерлі ұлан болайық" атты ұлдар сайысы өтті. Іс-шараға Қайырбаев ОМ 3 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында жас ұландар сурет құрап, логикалық тапсырмалар орындаумен қатар, мақал-мәтел жарысы өтті. Шара соңында әрбір топ шағын сыйлықтармен және алғыс хаттар мен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DJT4NG5MgQe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXNiM28wbHJyMTdtdw==