https://youtube.com/shorts/Q7Ax_Ij4yBY?feature=share
Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз деп, оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Осы орайда, балалардың демалысын, бос уақытын қамтамасыз ету мақсатымен Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде Қайырбаев ОМ мектеп жанындағы жазғы лагерінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Сүйікті кітаптардың мейірім әлемі» атты жазғы оқудың тұсаукесері өтті. Шара барысында бүлдіршіндер көптеген сұрақтарға жауап іздеп, өз білімдерін толықтыра түсті. Сонымен қатар, берілген карточкалар арқылы сөздер құрастырып, логикалық сұрақтарға жауап бере алды. Шара соңында балаларды ең тамаша мезгіл, үш айға созылатын жазғы демалыстарымен құттықтап, қызықты кітаптар оқуды естен шығармаулары ескерілді.