Басқамыс ауылдық кітапханасы. Кітапханада ойшыл, ғалым-философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1155- жылдығына арнайы "Шығыстың ұлы ойшылы " атты портреттік кеші өткізілді. Шара мақсаты: Әл-Фарабидің өмір жолы туралы түсінік беру, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, құндылықтарды бойға сіңіру. Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби туралы білмейтін адам кемде-кем. Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Аристотельден кейін "екінші ұстаз" атағына ие болды. Әл-Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстырып, еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті.
https://www.instagram.com/p/DF71Lwut3kv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MTh5dnlreGZqdjNiYw==
© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған