Қожамжар ауылдық кітапханасының коммуникация орталығында "Ұшқыр ой алаңы" атты дебат қызықты, әрі тартысты болып өтті. Бұл шарада көптеген идеялар мен пікірлер алмасып, ой-талқылардың белсенділігі жоғары болды. Дебат барысында балалар кітаптың маңызы, салт-дәстүрлер, мұражай тақырыптарын қозғады. Бұл тақырыптар өте өзекті әрі маңызды, себебі олар жастардың мәдениет, тарих, және әдебиетті тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді. Дебатқа Тіленшін орта мектебінің 9-10- сынып оқушылары қатысты. Дебатта Утегенова А., Шалкен А. 1-орын, Кутемген Д., Бектас К. 2-орын, Құрманғазы Д., Қамариден Е. 3-орын иеленді. "Үздік ойыншы" номинациясын Кутемген Д., "Сөз шебері" номинациясын Құрманғазы Д. иеленді. Бұл дебат жас өрендер үшін ой-өрісті кеңейтуге, дұрыс сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға тамаша мүмкіндік болды.
https://www.instagram.com/reel/DFxH5I2IfqY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=YjB2bmFzd2w1ZG1l
© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған