
Жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында облыстық «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Шығармашылық- баға жетпес сыйлық» атты «Всегда в моем сердце» өлеңдер жинағының авторы, жерлесіміз Надежда Петровна Потапчукпен шығармашылық кездесу кеші өтті.
Жастар қауымы Надежда Петровнаға көкейіңдегі сұрақтарын қойып, әр қырынан тани білді. Қара сөзде – кие бар,қара сөзде – жүйе бар. Ұйқаспен өрілген әрбір өлең жолында жерлесіміз Ақтоғайдың әсем табиғатымен сырласып, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді, сұлу сезімді суреттей білді. Кеш соңында жиналған қауым Надежда Петровнаға шығармашылық табыс, денсаулық тіледі.