https://youtube.com/shorts/Fa3mZKYClBo?feature=share
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасында "Кешкі кітапхана" жобасы аясында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған "Шәкәрім - ғұлама қаламгер" әңгіме-презентация іс-шарасы болып өтті. Шараға "Жасыл ел сарбаздары" жастары қатысты. Шараның мақсаты жастарға ғұлама ақынның өмір жолымен жақын таныстырып, шығармаларын кеңінен насихаттау. Шара барысында оқырмандардың назарына кітап көрмесі ұсынылып, онда қойылған әдебиеттерге қысқаша шолу жасалды. Оқырмандар ақынның өмірбаянымен танысып, бірнеше өлеңдерінен үзінділер оқыды. Оқырмандар ақынның өмір жолына арналған көрмені тамашалап, кітаптарын қарап шықты.