КГУ

https://youtu.be/DrRocpqxcpA 

   Оқырмандарға қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс екенін, елімізге, тілімізге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатымен Ақтоғай орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы негізінде «Үш тілде білім беру саясатын қолдау» тақырыбында М.Қайырбаев ОМ «Дебат» клубы мүшелерінің қатысуымен пікір сайыс өтті.
   Шара барысында қазақтың атақты ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың қазақ тілі жайлы өлеңдері оқылып, шараға қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақпақ айтып, әр тілдің өзіндік ерекшелігіне тоқталды. Көрермендерге сұрақтар қойылып, олардың да ойлары ескерілді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған