
Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру, кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс-шараларды іске асыру, жеке тұлғаның жаңаруымен патриоттық сезім ұялату, өз елінің патриоты болып тәрбиелеу мақсатында , және бағдарламаның 4 жылдығына орай Ақтоғай орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру-дәуір талабына сай жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында Елбасы Н. Назарбаевтың мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру жұмыстары қоғамдық сананы жаңғырту контексінде өзекті болып табылатыны атап өтілді, сонымен қатар ауданымыздағы бірнеше ескерткіштер қайта жаңғырғаны туралы ақпарат берілді. «Рухани жаңғыру-ел шежіресі» атты кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.