КГУ

https://youtu.be/pEXvBrDqfGw 

18 қазан - Рухани келісім күні ретінде еліміздің атаулы күндерінің қатарына қосылды. Осы уақыттан бастап бұл мереке елімізде жыл сайын лайықты деңгейде аталып келеді. Биыл 30 жылдығын атап өткелі отырған атаулы мерекеге орай
Ақтоғай орталық кітапханасында Тәуелсіз Қазақстанның тарихын білу, жастардың, өскелең ұрпақтың бойына рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету, халықтың дәстүрлері мен рухани құндылықтарына аялай қарау, алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі бірлік пен азаматтық ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Рухани келісім-халық бірлігіне бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Жандарбек қожа мешітінің имамы Ахметолла қажы, «Жас Қанат» жастар ресурстық орталығының басшысы Н. Займолда, орыс және шешен әтномәдени бірлестіктерінің мүшелері Н. А. Гергерт пен Л. Алисултанова және Абай ом. 9 сынып оқушылары құрметті қонақтар ретінде қатысты. Шара барысында атаулы күннің тарихы, мән-мағынасы, рухани келісімнің маңыздылығы жайлы тұщымды ақпараттар айтылды. Дөңгелек үстел қатысушылары назарына сондай-ақ деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу үшін діни қызмет бойынша кері байланысты күшейту мәселелеріне арналған бейнефильмдер ұсынылып, талқыланды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған