Жалаулы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған Н. Алшынов атындағы Жалаулы ОМ-нде ашылған "Балауса" жазғы-сауықтыру лагерінің балаларымен "Рәміздерім неткен әйбат, әдемі!" кітапханалық сағаты болып өтті. Іс-шараның мақсаты балаларды рәміздерімізді құрметтеуге, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқырмандардың назарына кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге қойылған кітаптарды балаларға көрсете отырып, рәміздердің шығу тарихы туралы баяндалды. Әңгіме сұрақ - жауап түрінде болды. Балалар әңгіме барысында қойылған сұрақтарға дұрыс жауап айтып, рәміздер жайлы көп білетіндерін көрсетті. Сонымен қатар балалар әнұранды жаппай бірге айтып шықты.
https://www.instagram.com/reel/DKdyKs0zSqo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MnN1dTRpOGJncjd4