
7 мамыр мерекесі күнін Қазақстан халқы Отанға деген патриоттық сезіммен, зор мақтанышпен қарсы алады. Бүгінгі таңда ҚР Қарулы Күштері жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери мектептер желісімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәнері ерекшеленеді. Ақтоғай орталық кітапханасы мерекеге орай «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» атты Отан қорғау күніне орай әдеби кеш өтті.
Іс-шараға Ақтоғай ауданының ТЖБ инженері И. Р Гусейнов, ТЖБ аға-анықтаушысы А. А Мақсұт, №15 өрт сөндіруші бөлімінің бастығы Б.Т Шәкенов, №15 өрт құтқарушылар Б.М Қайыр және М. Т Анас, №15 өрт сөндіруші бөлімінің жүргізушісі Н Сыздықов, сонымен қатар М.Қайырбаев ОМ жоғары сынып ер балалары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар мерекенің шығу тарихымен, ҚР әскери түрлерімен танысып, бейнефильм көрсетілімі тамашаланып, тақырыпқа сай қатысқан қонақтарға сұрақтар қойылып, тұшымды жауап алынды. Іс-шара жасөспірімдерді және келген қонақтарды құттықтаумен өз жалғасын тауып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.