КГУ

https://youtu.be/y5oYObRN5-Q 

Құрметті достар Сіздердің назарларыңызға Ақтоғай ортаылқ кітапханасы Сіздердің назарларыңызға «Полигон үні мәңгі өшсін » ақпараттық салатын ұсынады.
Биыл Семей полигонының жабылғанына 30 жыл. Тарихи дата. 1991 жылғы 29 тамызда Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың шешімімен "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" № 409 жарлығына қол қойылған болатын. Тарихқа зер салсақ, ядролық полигон 18500 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Полигондағы сынақтар 1949 жылдан 1989 жылға дейін жалғасқан. Семей полигоны аумағында 40 жыл ішінде 500-ге жуық ірілі-ұсақты сынақ жүргізілген. Барлық сынақтар қатаң құпияда өткізілген болатын. Семей облысының 200 мыңнан астам тұрғының жарылыстар туралы хабары болмады. Ядролық сынақтардың салдарынан барлығы 1,3 миллион адам зардап шеккен. 1989 жылы қоғам қайраткер Олжас Сүлейменов бүкіл әлем бойынша ядролық сынақтардың құрбандарын біріктірген Невада - Семей антиядролық қозғалысын құрды. Қозғалыс әлемдік резонансқа ие болды. Ал, 1989 жылы Семей полигонындағы ядролық сынақтар толығымен тоқтады. Полигонда алғашқы жарылыс болғаннан 42 жылдан соң, 29 тамызда Қазақстан Президентінің Жарлығымен полигон жабылды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған