КГУ

https://youtu.be/EKciCnX8dwg 


Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, жырларының құдіретін сезіну, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында облыстық «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Поэзия-мен сенімен егіз бе едім» атты поэзия кеші өтті.
Поэзия кешінде артында қалдырған рухани бай мұралары сөз болып, қатысушылар кемеңгер тұлғаның лирикаға толы жыр-шумақтарын мәнерлеп оқып , ақын сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сонымен қатар, көпшілік назарына ақынның өмір жолын бейнелейтін бейнеролик ұсынылып, кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған