КГУ

   

Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар арасындағы тәлім-тәрбиеге және олардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына жете көңіл бөлінуде. Оқырмандардың құқықтық білімдерін тексере отырып жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдерді қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру, Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында, «Парасат жолы» жобасы аясында Ақтоғай орталық кітапханасында «Парасаттылық- адам бойындағы кісілік қасиет» атты Қайырбаев ом қатысуымен 6 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті.
Іс шара жарыс түрінде өтіп, оқырмандар берілген сұрақтарға ұтымды жауап қайтарып,барлық кезеңінен де сүрінбей өтті.Сонымен қатар, Ата Заңымыз, ондағы адамның құқықтары мен бостандығы туралы, Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы айтылып өтті. Шара соңында әр түрлі тапсырмалар беріліп, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, түсінік берілді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған