https://youtu.be/kDJ-zRyv5ug
Өскелең ұрпақты мәдени, рухани ағарту және тәрбиелеу мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында Қайырбаев ОМ 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Парасат жолы»- адалдықтан басталады» атты әңгіме-диалог өтті. Кездесуде «Парасат жолы» орталықтары арқылы парасаттылық, ізгілік пен даналықты, әділет пен қамқорлықты дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру жөнінде арнайы шақырылған заңгер С.К. Сейпадамовпен әңгіме-диалог жүргізілді.
Тақырып аясында оқырмандар адал болу үшін не істеу керек, және тағы да басқа сұрақтар талқыланып, кездесу соңында адалдық жайында өлең жолдары оқылып, кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.