https://youtu.be/u82b6fs0sMM
Әрбір жаңа кітап- бұл оқырман-балалар үшін оқуға деген құштарлықты талап етеді. Бүгінгі таңда Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінен бүлдіршіндер өздеріне ұнаған кітаптарын таңдап алып оқи алады. Дәстүр бойынша жылдан-жылға біздің қорымыз жаңа кітаптармен толықтырылуда. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, кітап оқуға насихаттау мақсатында балалар әдебиет бөлімінде «Оқуға асығындар. Жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі безендіріліп, онлайн режиміндегі оқырмандарға арнап шолу жасалды. Ұсынылып отырған кітаптар орта буын оқырмандарға арналған.