Жалаулы ауылдық кітапханасында Отбасы күніне орай "Отбасы - бақыт мекені" көрме-әңгіме іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның мақсаты балаларға отбасының маңыздылығын түсіндіру, отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Оқырмандардың назарына "Отбасы - алтын діңгегім!" кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге қойылған кітаптарға қысқаша шолу жасалып, оқушыларға таныстырылды. Іс-шара барысында балалар Отбасы және туыстық қатынастар, отбасы мүшелері туралы тапсырмалар орындап белсенділік танытты.
https://www.instagram.com/reel/DJocxuCNREw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=b3kzNTBnbDVybm1n