
Ақтоғай орталық кітапханасында Халықаралық Отбасы күніне орай оқырман балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында «Отбасы-аялы алақан мекені» атты сурет сайысы өтті. Әрбір бала отбасындағы тәлім-тәрбиені, ата-ана мейірімділігін қағаз бетіне түсіріп, сурет арқылы көрсете білді.