КГУ

https://youtu.be/IAuZHwv8KGg

Балалар кітап апталығы аясында онлайн- режиміндегі оқырмандарға қазақ халқының дана ақыны, ғұлама ойшылы, бірінші педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай өлеңдері, ертегілері мен әңгімелерінің таралуын насихаттау, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімі «Өнер-білім бар жұрттар...» атты танымдық сағатын өткізді.
Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға, мектеп ашуға сарп еткен Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен таныстырылып, еңбекті сүю және қадірлеу жайында шағын әңгімелері үгіт, өсиет түрінде беріліп, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнеленген. Жануарлар бейнеленген көптеген ертегілері тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеп,табиғатты сүюге баулиды. Оқырмандар назарына ақынның «Түлкі мен ешкі» ертегісі бейнекөрсетілім арқылы бала санасына жеткізіліп, безендірілген кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған