https://youtu.be/oobnbHvEQ4Q
Ақтоғай орталық кітапханасында Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Мәдениет саласын ұзақ жылдары басқарған Бәкібай Рамазанұлы Рамазановтың «Өнегелі ғұмыр» атты еске алу кеші өтті. Мәні де маңызы да жоғары кеште Бәкібай Рамазанұлының тұлғалық келбетіне, шығармашылық өмір жолына тоқталды.
Еске алу кешінде бас қосқан аға-інілер, әріптестері мен туған-туысқандары естеліктерімен бөлісті. Ардақты азаматтың жарқын бейнесі жерлестерінің жадында мәңгі сақталары сөзсіз.