https://youtu.be/eK6_nMcYEs0
Ата-бабадан жалғасын тауып келе жатқан салт-дәстүрлер қайта жаңғырып, насихатталып келеді. Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде аталмыш мерекеге орай «Наурыз-көктем тамаша!» атты сайыс өтті. Іс-шараға М.Қайырбаев және Абай ОМ оқушылары қатысты. Оқырмандар екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Ереже бойынша әр топ мерекеге қатысты тапсырмалар мен викториналық сұрақтарға ұтымды жауап берді. Мереке қарсаңында өткен шара ақжарқын пейіл қалыптастырып, көтеріңкі көңіл сыйлады.