Жалаулы ауылдық кітапханасында "Ақбұлақ" клубы жұмысы бойынша және балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы болып өтті. Іс-шараның мақсаты балалардың мақалдарды айту, жұмбақтар шешу арқылы сөз қорларын молайту, қиыннан қиыстыруға үйрету. Сайыс 5 бөлімнен тұрады. Сайыс барысында балалар екі топқа бөлініп, қызықты тапсырмалар орындады. Сайысқа белсене қатысып, мақал-мәтелдер айту мен жұмбақтар шешуден білімдерін көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DLX6SDkN6VU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MTR5NGlheml6OWVlYw==