https://youtu.be/d-GedO1JO0A
Жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу -тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістей шашып, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысып,туған жер киелі ұғымды оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық дей келе, осы күні Ақтоғай орталық кітапханасының әдебиет бөлімінде онлайн-режиміндегі оқырмандарға мемлекеттік рәміздерді ерекше қастерлеу, құрметтеу және оны өзге жұрттарға мақтан тұту, насихаттау мақсатында «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» аты әдеби кеш өткізілді. Кеш бейнекөрсетілім арқылы өз жалғасын тапты.