
Ақтоғай орталық кітапханасында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, 10 кітаптың авторы, ұстаз Ерболат Қабашұлы Мұндуиновтың 85 жылдық мерейтойына арналған«Өмірі ұрпаққа үлгі» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.К. Оспанова, Мәслихат хатшысы Ж. Ш. Тәшенев, Ақтоғай ауылының әкімі Б.М. Абдрахманов, сонымен қатар Ақтоғай ауданының мемлекеттік басқарма басшылары мен зиялы қауым және аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Жиналған қауым лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Ақтоғай өңірінде еңбек етіп өмір сүрген ағамыз 50 жылдан аса журналистика саласына еңбек етіп, шәкірттеріне өзінің білімін аямай ұстаздық еткен. Кеште мерейтой иесіне арналған көптеген әндер шырқалып, баршаның көңілінен шықты. Аудан және облысқа сіңірген ерен еңбегі үшін «За заслуги перед областью» медалімен марапатталған. Кеш соңында өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға Еркін Қабашұлына сөз беріліп, безендірілген кітап көрме бойынша шолу жасалды.