
Ақтоғай орталық кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастыруымен аудандық «Мұхиттай терең мұра»атты «Шәкәрім оқулары» өтті. Байқауға ауылдық мектептерден 7 оқушы: Қ.Замкен (Басқамыс ауылы), Д.Серікжан (Қараоба ауылы), А. Жәнібек (Қожамжар ауылы), А.Сембі (Барлыбай ауылы), Ж.Егімбай, А.Жәнібек, М.Химбат (Қайырбаев ОМ) бақтарын сынап, қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – гуманист, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған өлеңдер мен арнауларын оқыған дарынды жастарды анықтау, қолдау көрсету.
Байқауға аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Маней, Ақтоғай балалар өнер мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Қ.Аңсаған, Абай және Қайырбаев ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Л.М. Құттықадамова және А.Х. Ертаева төрелік етіп, 3 турдан тұратын сайыстан әрбір қатысушы мүддірмей өтті. Байқау нәтижесі бойынша Еңбекші ОМ 7 сынып оқушысы (Барлыбай ауылы) Айбибі Сембі үздік деп атанып, бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, аталған оқушы Павлодар қаласында 28.02.2023 күні өтетін облыстық турына жолдама алды. Қатысқан оқушылар «Алғыс хатпен» және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.