КГУ

https://youtube.com/shorts/LK6o5fOi-lA?feature=share 

    Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасында ақын М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған "Мағжан ақынның ақыны" поэзия сағаты болып өтті. Шара барысында оқырмандардың назарына кітап көрмесі ұсынылып, онда қойылған әдебиеттерге қысқаша шолу жасалды. Оқырмандар ақынның өмір жолы және шығармаларымен жақын танысты. Кейбір оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды. Аудандық "Мағжан оқулары" байқауының жүлдегері Егінбай Санжар ақынның "Мен жастарға сенемін" өлеңін мәнерлеп жатқа айтып берді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған