Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында "Мамандықтар әлеміне саяхат" ақпараттық сағатын өткізді. Оқырмандардың назарына "Жұмысшы мерейлі мамандық" кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге қойылған кітаптарға қысқаша шолу жасалды. Оқырмандар мамандықтар туралы шағын тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты.
https://www.instagram.com/reel/DJ9G4MHtMSS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MWdpb3Q2eDE0eGI0bw==