КГУ

https://youtu.be/TPoBMYMtUVI 

✍️ Ақтоғай орталық кітапханасында халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Махаббат, қызық мол жылдар» атты романы бойынша әдеби диспут өтті. Шара барысында жазушының өмірбаяны таныстырылып, «Ақиқат пен аңыз», «Мәңгілік махаббат», «Махаббат қызық мол жылдар» шығармаларына жекелей тоқталды. Оқырмандардың ой толғамына әсер еткен автор шығармаларының ішіндегі маңыздысы шынайы махаббат тақырыбы болды. Осы тұста қатысушылар өзара тамаша пікір талас жасады. Қазіргі махаббаттың бағасы қандай? Ескі қоғаммен жаңа замандағы сезім айырмашылығы неде? Бүгінгі адамдардың махаббатқа тұрақтылығы? – деген сұрақтар бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған