
Ақтоғай орталық кітапханасында Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаевтың туған күніне арналған «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы, шығармалары туралы айтылып, өлеңдері оқылып, «Қазақтың бас ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары мен студенттер қатысты.