КГУ

   


   Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты-ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттауболып табылады.
Биылғы жылы «Бір ел-бір кітап-2022»республикалық акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары ұсынылды.
   Осыған орай оқырмандардың патриоттық сезімдерін дамыту, елін, жерін құрметтеуге, мақтан етер ұлы тұлғаларды тануға тәрбиелеу және алып тұлғалардың еңбектерін көбірек оқып, ой-саналарын жетілдіру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Бір ел-бір кітап-2022»акциясы аясында:
    «А.Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы», «А.Байтұрсыновтың әдеби шығармалары», «Қазіргі қазақ ғылымдағы Байтұрсынов»атты үш бағытта берілген « Ұлттың ұлы көсемі» атты кең көлемді кітап көрмесі бойынша шолу ұсынылды.
    Құрметті оқырман қауым! Ақтоғай орталық кітапханасы сіздерді «Бір ел-бір кітап-2022» акциясы аясында безендірілген кітап көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырады!
Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық!

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған