КГУ

https://youtu.be/elF96M9w7wY 

    Ақтоғай орталық кітапханасында қазіргі заманға сай LiveBook» атты Библиотүн өтті. Іс-шараға Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а А.М. Абисинов, ауданның мекеме басшылары, әр жастағы және түрлі қызметтегі кітапсүйіп оқитын оқырмандар мен жоғары сынып оқушылары жиналды.
Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды көптеген ертегі кейіпкерлері қарсы алды.
    Кітапхана фойесінде кеш қонақтары назарына ағаш ою шеберлері Ө.Займолда және Н.Қизатовтың «Шебер қала» халықтық қолданбалы өнер көрмесі,. «Кулинарные шедевры» атты тәттілер мен сусындар, «Чайная встреча» шайды дегустациялау алаңы, «Игротека» сайыстар мен ойын алаңы, түрлі интеллектуалды «Библиовикторина» сұрақтары қойылып, қатысушылар ертегілер туралы сұрақтар мен жұмбақтарға жауап беру арқылы тәттілерден дәм татты.
    Гүл әуесқойлар үшін «Ботанический сад», «Шығармашылық алаңы» шығармашылық бұйымдар , әрбір ауылдық кітапханасының қызығушылық клубтар бұйымдары орналасқан көрме бойынша шолу жасалды.
   2 қабатта «Арома магия» парфюмерлік заттар орналасқан. Кеш көңілді «Жастар биімен» басталып, шеберлікті, қолөнерді жақсы көретін қонақтар «Қолданбалы өнер» және «Шебер қолдар» атты көрмесін тамашалап, бисермен, оригамимен, квиллингпен айналысып, мастер-классқа қатысты.
Шара қатысушылары «Маша және Аю» атты фотостендте атақты мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде суретке түсті.
    Ауданның 85-жылдығына орай «Ақтоғай менің жүрегімде» атты кітап-альбомының тұсаукесері өтіп, Ақтоғайға деген өз сүйіспеншілігін білдіріп, Жаңатап а/к кітапханашысы Б.Абдырахманова және Харьков а/к «Мұрагер» клубының мүшесі Ш.Съездің орындауында өз төл туындылары орындалып, Қожамжар а/к оқырмандарыың орындауында туған жерге арналған өлеңдері тыңдалды. Көрермен қауым «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестік мүшелерінің көрсетілген ұмыт болып қалған салт-дәстүрді тамашалады.
   Барлық залдарға тақырыпқа қатысты кітап көрмелері қойылып, шолулар өтті. Кеш тамаша би әуенімен аяқталып, қатысушыларды тәнті етті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған