https://youtube.com/shorts/Nem_ZrvrGwo?feature=share
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Жалаулы ОМ - нде ақтоғайлық жерлес ақын-импрозизатор Қимадиден Нығмановтың 100 жылдығына арналған "Өлеңдерім - менің өмірбаяным" әдеби кеші болып өтті. Шараның мақсаты оқушылардың жерлес ақын-жазушылар туралы білімдерінің аясын кеңейту. Ақынның өмір жолымен таныстырып, кітаптарын насихаттау. Окырмандардың назарына кітап көрмесі ұсынылды. Оқырмандар ақынның кітаптарымен жақын танысты.