КГУ

https://youtube.com/shorts/FP-453UJ4Ck?feature=share 

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасында отбасы күніне арналған "Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы" саяхат-ойын іс-шарасы болып өтті. Шараның мақсаты балаларға отбасының маңыздылығын түсіндіріп, ата-ананы, үлкендерді құрметтеуді, бірлік, бауырмалдық, кішіпейілділік сияқты жақсы қасиеттер бойларына сіңіріп тәрбиелеу. Шара барысында балалар отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, отбасы мүшелері туралы сұрақтарға жауаптар айтып белсенділік танытты. Кейбір балалар әже, ана, әке туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Шара соңында балалармен шеңбер құрып отбасы мүшелерінің бастапқы және соңғы әріптеріін жасырып " бұл кім? " ойыны ойнатылды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған