КГУ

https://youtu.be/BAiDVVsrWyg 

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, демекші.

Қаһарлы қыстың ертерек аяқталып, күлімдеген көктемнің келуін көпшілік асыға күтетіні белгілі. Қоршаған орта қайта түлеп, жарқырай түсетіні де осы мезгіл. Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына Өмір, Жылылық, Әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келеді. Осы бір әдемі мезгілде Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс-қимыл, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтау мақсатында Сыңғырлаған күлкісі, сүйкімді қылығы жарасқан кішкентай бүлдіршіндердің «Көктем аруы» атты сайысы өтті. Төрт кезеңнен тұратын сайысқа: («Өзін-өзі таныстыру» , «Өз өнерін көрсету», «Сән сайысы», «Анама сыйлық» сурет сайысы ) 6 бүлдіршін қыздар: Мулюкова Азалия, Бегижанова Даяна, Құрманғали Мәриям, Жақан Арна,Амантай Нұрайым, Назымбек Айсана қатысып, өз өнерлері мен сұлулықтарын ортаға салып, жоғары деңгейде дайындалғандарын көрсете білді. Төрелік еткен әділқазылар алқасы бүлдіршіндердің өнерлерін бөліп жармай, әрқайсысын Мақтау қағаздарымен марапаттап, Ақтоғай ОКЖ кәсіподақ ұйымы тарапынан ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар табыс етті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған