КГУ

https://youtu.be/L3R3FcUH8zI 

    «Тосыннан түсіргенде» жобасы аясында, жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітапқа қызығушылығын арттыру және оқуға ынталандыру, жас ұрпақтың рухани байлығын, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамытуда, ең үлкен де ұлы тәрбие құралы - кітап екендігін ұғындыру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Кітаппен бірге демалысты өткізу» тақырыбымен оқырмандар әдеби алаңға жиналды.
Шара барысында оқырмандар назарына кітапхана қорындағы балалар әдебиеті, атап айтсақ, әр түрлі жанрдағы жаңа әдебиеттер, көркем әдебиеттер, қызықты және танымдық энциклопедиялар және мерзімді басылымдар таныстырылып, оқуға ұсынылды.
   Жас оқырмандар арасында танымал кітаптарға шолу жасалып, сондай-ақ жастарына қарай қажетті кітаптар ұсынылды. Балалар ертегілер жолдарымен саяхат жасап, өздерін әйгілі ертегілердің кейіпкерлері ролінде елестетіп, сүйікті әдеби кейіпкерлерімен уақытты қызықты өткізетін, сүйікті кітапшасын табатын және әрдайым қуанышқа толы орын екеніне көздері жетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған