https://youtube.com/shorts/XBGO5bpLb8I?feature=share
Жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, әр салада білімдерін кеңейту, жан-жақты болуға қалыптастыру, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру мақсатымен «Кешкі кітапхана» жобасы негізінде Ақтоғай орталық кітапханасында «Кітапхананың кешкі әлемі» атты интеллектуалдық ойын өтті. Ойын барысында әртүрлі сұрақтар ұсынылды. Аталған іс-шараға қатысушы жастар әрбір салаға байланысты сұрақтарға ұтымды жауап беріп, өз білімдерін дәлелдей білді.