КГУ

             

    Балалар жылы аясында Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде балаларды жаңа кітаптармен, кітапханамен таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында «Кітап патшалығына саяхат» атты Жанабет ауылының Нығманов орта мектебінің және Мүткенов ауылының 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен кітапханаға саяхат өткізілді. Кітап қорының әртүрлі болатындығын, ойыншық кітаптар мен сөйлейтін кітаптардың да бар екендігі айтылды. Шара қонақтары кітапхана кызметін қалай пайдалану керек екендігін толық танып, білді. Сонымен қатар, әртүрлі сайыстар мен викториналық ойындар ойнатылып, жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған