КГУ

https://youtu.be/QlUtapfI_c0 

    Жазғы демалыс маусымы-балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың денсаулығын нығайтуына, интеллектуалдық ойларын дамыту, сонымен қатар, жастарды да шығармашылық еңбекке баулу, өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, және биылғы Балалар жылына орай, облыстық «Ашық кітапхана» жобасы негізінде және оқырман бұрышын ашық алаңда құру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасы ашық алаңда «Кітап оқындар, балалар! Өмірдің барша қызығы – кітапта» атты кітап көрмесін ұсынды. Оқырман қауымды көңіл- күйлерін көтеретін қызықты кітап көрмесіндегі ертегілер, шытырман оқиғалы кітаптар, романтикалық әңгімелер т.б қызыққа толы шығармалар қарсы алды. 
    Ашық алаңның әр келушісі армандағанды, қиялға берілгенді, ойнағанды, бір нәрсені жасағанды, саяхаттағанды жақсы көріп, оған кітап көрмесіндегі кітаптар білімдері мен тапқырлықтарын ұштауға көмекке келеді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған