https://youtu.be/myZjEWKRPIo
Балаларға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, әр оқырманға жеке дара ұсыну мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде жаңа жылдық сыйлық ретінде кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерге шолу өткізілді.
Ерекше жасақталған кітап көрмесі жас оқырмандарды таңғалдырып,олардың кітап оқуға қызығушылығын арттыра түсті. Тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.