https://youtu.be/MjwCx8J7Ix0
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының бастамасымен іске қосылған «Кешкі кітапхана» жобасы аясында жоспар бойынша іс-шаралар өз жалғасын табуда. Осыған орай Ақтоғай орталық кітапханасында кезекті іс-шара қазақ халқының өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, мәдениетімізді құрметтеуге үйрету, және кино өнерінде еңбек етіп жүрген жас таланттардың өмірін үлгі етуді насихаттау мақсатында «Кино – өмір айнасы» атты кино кешіне арналды. Кеш қонақтары –жастар қауымы және жоғары сынып оқушылары қазақ киносының кешегі мен бүгінгі күні туралы молынан мәлімет алып, жастардың жүрегінен орын ала білген қарапайым кинофильмдер көрсетілді .
Бұл кинофильмдер жастар арасында рухани қажеттілігіне қызмет етеді деген үміттеміз.