https://youtube.com/shorts/MuXxG8VS9VI?feature=share
Ақтоғай орталық кітапханасында жас таланттардың өмірін үлгі етуді насихаттау мақсатында «Кино әлемінде» атты кино кеші өтті.
Кеш қонақтары-жастар қауымы және жоғары сынып оқушылары қазақ киносының кешегі мен бүгінгі күні туралы молынан мәлімет алып, жастардың жүрегінен орын ала білген қарапайым «Каникулы оффлайн» атты қазақстандық фильмі көрсетілді. Балалардың көңілді демалып қайту үшін жағдай жасалып, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Библиокафе» жұмыс істеп, сусындар ішіп, тәтті тағамдардан дәм татты.