https://youtu.be/Da8MdpOR2uY
Жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында, жаңа жыл қарсаңында Ақтоғай орталық кітапханасының кітап қоры Мемлекеттік тапсырыс бойынша тағы да қызықты да танымды кітаптарға толықты.
Кітап көрмесіне әр сала бойынша соңғы түскен кітаптар қойылды: Мысалы: Қазақстанның жыр ақққуы М. Айтхожинаның «Киік сезім» өлеңдер жинағы, көрнекті ақын И.Сапарбайдың «Әлем,Әйел және Мен», Қазақстанның халық әртісі, көрнекті кино жәнен театр режиссері Т.Теменовтің әр жылдары жазылған жүрекжарды портреттік мақалалары, жазушы Қ.Әлімнің «Махаббат жаршысы», көрнекті халық қаламгері Ә.Нұршаиховтың 100 жылдық мерейтойына орайластырылған хаттасулары берілген т.б. кітап көрмесіндегі кітаптар оқырмандарға кітап қорына түскен жаңа әдебиеттер туралы түсінік алуға маңызы мол. Бұл басылымдардың жалпақ оқырманымыз талғамынан шығарына,рухани өрісті боларына сенімдімііз.