
Жыл сайын көктеммен бірге Балалар кітап апталығы да келіп жетеді. Кішкене оқырмандарды кітапханамен, кітапхананың пайдалану ережесімен таныстыру, кітапханаға оқырман тарту, қызығушылықтарын арттыру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде Қайырбаев орта мектебінің 1 а және 1 б сынып оқушыларының қатысуымен «Кел, балалар, кітаптармен танысайық!» атты тақырыбында мерекелік бағдарламасымен балалар кітап апталығының ашылуы өтті. Шара барысында кітапханаға саяхат жасалып, балалар «Кітаптың туған күні» мерекесінің пайда болу тарихы туралы ақпаратпен танысып, биылғы жылдың мерейтой иелері, атақты ақын-жазушылар: Шәкәрім Құдайбердиевпен Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығымен таныс болды. Кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.