https://youtu.be/hp_LHIukSfk
Халықаралық әкелер күніне орай Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Әке-отбасы тірегі» атты тренинг өтті. Аталмыш іс-шараға бірқатар салада қызмет ететін әкелер қатысып, мамандықтары әр түрлі болсада өздерінің балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісіп, әке болу деген не екенін және қандай да бір қиындықтарды жеңіп, өз балаларының өміріне белсенді түрде қатысатыны туралы айтып берді. Сонымен қатар, әрбір әке мен бала бірқатар сайыстарда бақ сынап, әр әке мен бала берілген тапсырмалардан мүддірмей өтті. Тақырыпқа сай, бейнефильм көрсетілімі өтіп, шара соңында әр қатысушы балаға кішігірім сыйлық табыс етілді.